USD
USD
USD

СҚО-да зиратқа барған әйелге ағаш құлап, мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласындағы зиратқа туған-туысының басына барған әйелдің үстіне ағаш құлап кетті.

Аурухана
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. М.Жұмабаев аудандық ауруханасының мәліметінше, емдеу мекемесіне шақырту сағат 12.00 шамасында түскен. Жарақат алған 69 жастағы әйелдің жағдайы ауыр болған. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды.

Бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

СҚО-да кеше көтерілген қатты жел басылар емес. Баспаналардың шатырын жұлып әкету фактілері де бар.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дауыл Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское елді мекені Локомотивный, 29 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат