USD
USD
USD

СҚО-да жарылыстан кейін күйік шалған сегіз адамның екеуінің жағдайы ауыр

Солтүстік Қазақстан облысы Ильичевка ауылында болған оқиғадан зардап шеккендердің жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасы хабардар етті.  

СҚО
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Тайынша-Май» ЖШС аумағында жанармай құю кезінде газ жинағыш жарылып, соның салдарынан DAF маркалы арнайы көлік өртеніп кетті. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті. Күйік шалғандар дер кезінде медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта екеуі Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Тағы үш адам Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасына орналастырылды. Үш адам жеңіл жарақат алып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Жағдай бақылауда», – делінген баспасөз хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар толық қолға алынды. Халық пен қоршаған ортаға қауіп жоқ.

Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf