USD
USD
USD

СҚО-да жаңа ашылған қазақ сыныптарына оқушы толмай жатыр

 Ауқымды үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан қазақ тілінде оқытатын сыныптарда балалар аз.

Мектеп
Фото: Depositphotos.com

Астана, NEGE. Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы өкілдерінің Tizgin.kz интернет-басылымына берген мәліметінше, жаңа оқу жылында облыста 6 орыс мектебінде қазақ тілінде оқытатын 0-ші және 1-сыныптар ашылған. Олар: Аққайың ауданындағы Астрахань орта мектебі, М. Жұмабаев ауданындағы Молодежное бастауыш мектебі мен Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы, Петропавл қаласындағы №4, №9, №23 орта мектептер.

Дегенмен, басқарма өкілдері бұл сыныптарда бала саны аз екенін атап өтеді.

Мәселен, Петропавл қаласындағы №9 орта мектептегі қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпта бар болғаны 6 оқушы білім алып жатса, №4 орта мектепте – 9 оқушы, № 23 орта мектепте – 7 оқушы, № 28 орта мектепте – 14 оқушы ғана.

Ал 2024-2025 оқу жылында орыс тілінде оқытатын 7 мектепте қазақ сыныптары ашылған.

Бұл ретте басқармадағылар өңірде аралас тілде оқытатын мектептер саны өсіп келе жатқанын айтады.

«Орыс тілінде оқытатын мектептер біртіндеп қазақ тілінде оқытуға ауысады: 2023-2024 оқу жылы – 105, 2024-2025 оқу жылы – 108, 2025-2026 оқу жылы – 112. Осы оқу жылында аралас мектептер саны 4 бірлікке артты», – делінген жауапта.

Айта кетейік, мемлекеттік тілде оқытатын орта білім беру ұйымдары желісін кеңейту мәселесі 2023-2029 жылдарға арналған СҚО білім беруді дамыту жөніндегі өңірлік жол картасына енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу