USD
USD
USD

СҚО-да су тасқыны жағдайы дронмен бақыланады

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынын бақылау үшін қуатты дрондар қолданылады.   

Су тасқыны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заманауи техника мұз кептелісін, судың бағытын анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, деп жазады облыстық әкімдік. Мамандар болжамынша, Петропавл қаласы мен 3 ауданда тасқын қаупі жоғары.

Жалпы облыс бойынша 116 елдімекен бақылауға алынды. Құтқарушылар тобы мен қажетті техника қауіпті аймақта тұрған аудандарға аттанады. Былтырғы тасқыннан кейін төтенше жағдай департаментінің техника паркі толықты. Жуырда Қарағанды қаласынан 50 әскери және арнайы техника жеткізіледі.

Дрондарға келсек, әр аппарат 7 шақырым қашықтыққа дейін ұзап, әуеде 45 минут жұмыс істей алады. Дрондар оқиға орнынан дер кезінде ақпарат алып, сала мамандарының жұмысын үйлестіруге көмектеседі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық