USD
USD
USD

СҚО-да сыра тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Республикалық маңыздағы Астана – Петропавл тас жолының 436-шы шақырымында Ленинское ауылы маңында Volvo жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 63 жастағы қырғызстандық рөлге ие бола алмай жол шетіне шығып кеткен.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 20 тонна сыра тасымалдаған фура аударылған. Зардап шеккендер жоқ, алайда жүк көлігіне механикалық зақымдар келген. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізушілер Қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің хабарламаларын бақылауды, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді, жылы киімдер мен құрал-саймандарының болуын қатаң ұсынады.

21 желтоқсан күні кешке 21 жастағы жүргізушінің Volkswagen Golf автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылған. Полицейлер оны бұрқасын кезінде Екатеринбург — Алматы жолындағы жағдайды тексеру барысында байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қажетті құрал-саймандарын ұсынды. Жас жігіт полицейлерге көмектескендері үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті