USD
USD
USD

СҚО-да өрттен қаза болған қыздың анасы қамауға алынды

Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.

depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Қайғылы жағдай 18 қаңтарда Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар оқиға орнынан кішкентай қыздың мәйітін тапқан.

Кейін анасы қызды үйде жалғыз қалдырып кеткені мәлім болды. Өңірлік полиция департаменті әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі – Балалардың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қамауға алынды. Тиісті қылмыстық жауапкершілік қарастырылуда», – дейді Санжар Әділов.

Ол қылмыс құрамының белгілері болған жағдайда құқық қорғау органдары  әрбір оқиғаға нақты құқықтық баға беретінін атап өтіп, тұрғындарды кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы