USD
USD
USD

СҚО-да оқушы қыз мектепте сіркесу ішіп, ауыр халде ауруханаға түсті

Қазір қыз облыстық балалар ауруханасында ауыр халде жатыр.

уланған қыз
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Оқиға 4 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған, деп жазады Telegram-дағы Halyqstan арнасы.

Арна мәліметінше, 16 жастағы оқушы сабаққа келіп, мұғалімнен дәретханаға сұранып шыққан. Қыз өзімен бірге 70 пайыздық сіркесу ала келген. Әжетханаға кіріп, есікті іштен жауып алған ол бөтелкедегі сіркесуды ішіп, күйік алған. Ауыр халде жатқан қызды мектеп қызметкерлері тауып алған.

Қыз шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Ол жақтан қызды тікұшақпен Петропавл қаласына алып кеткен.

Оқушының мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. 

Nege.kz Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне сауал жолдады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары