USD
USD
USD

СҚО-да құрылыс отрядтары су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға көмектесетін болады

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға көмектесетін құрылыс отрядтары құрылды. Мұндай бастаманы «Ауыл» партиясы көтерді.

СҚО
Фото: СҚО

СҚО, NEGE. Бүгін «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жасақтарымен кездесті. Өңір басшысы оларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, аталған қозғалыстың маңыздылығын атап өтті. Құрылыс отрядтарының құрамында құрылыс саласына маманданған  колледждердің студенттері болады.

СҚО
Фото: СҚО

Облыс бойынша инфрақұрылымды салу және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Аудандардың мехбригадалары зардап шеккен шағын аудандар мен ауылдардағы үйлерді жөндеуде. Зардап шеккен тұрғындар үшін пәтерлер сатып алынады.

«Солнечный-2 шағын ауданында 520 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда құрылыс қызметкерлерінің көмегі мен жұмыс қолдары өте маңызды болады. Зардап шеккендердің қысқа мерзімде жаңа үйлерге кіруі үшін барлық күш пен қаражатты пайдалану қажет», - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.

Қазір оқып жатыр

«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов