USD
USD
USD

СҚО-да кредитор жоғары пайызбен қарыз беріп, 1,8 млрд теңге табыс тапқан

Күдікті қарыз алушыларға күш қолданып, психологиялық қысым көрсеткен.

Ақша
Фото: Видеодан скрин/ҚМА

Астана, NEGE. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз кәсіпкерлік қызмет, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық фактілері бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

Тергеу дерегінше, күдікті 2013 жылдан 2025 жылға дейін тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайызбен заңсыз қарыз беріп келген. Мәмілелерге заңды сипат беру үшін келісімшарттарда нақты берілген сомадан едәуір жоғары мөлшер көрсетілген. 

«Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10%-ын құраған, бұл жылдық есеппен 60–120%-ға тең.

Сондай-ақ қарызды жасыру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген. Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 1,8 млрд теңгеден асты. 

Күдікті қарыз алушыларды ақша немесе жылжымайтын мүлік беруге мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде күш қолданып, психологиялық қысым көрсеткен», – делінген ҚМА хабарламасында.

Бұдан бөлек, күдікті сотқа талап арыз түсіріп, 11 млн теңге көлеміндегі бір қарызды әртүрлі құжаттар негізінде екі рет өндіріп алған. Алайда мұны соттан жасырып қалған.

«Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің қатарында 2 пәтер, 2 тұрғын үй, жер телімі, сондай-ақ LAND ROVER RANGE ROVER және HYUNDAI STARIA автокөліктері бар», – деп хабарлады агенттік өкілдері.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй