USD
USD
USD

СҚО-дағы зауытта газ тасымалдаушы көлік жарылып, 8 адамды күйік шалды

25 маусымда СҚО ТЖД «101» кезекші қызметінің пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы «Тайынша май» ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

СҚО
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанды.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел келді. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды.

Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілді.

Құтқарушылардың жедел, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында 50 ш. м. алаңда өрт сағат 20.57-де толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 бірлік техника, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ТЖД, сондай-ақ Тайынша аудандық шаруашылық жүргізу объектілерінің өрт сөндіру бекеттері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмылдырылды.

Өрттің себептері анықталуда.

Оқиға фактісі бойынша СҚО ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК