USD
USD
USD

СҚО-да бруцеллезге байланысты екі ауыл карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында мамыр айында 52 ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлады Kazinform.

Сиыр
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жұқпалы дерттің жайылуына жол бермеc үшін өңірдің екі ауылына шектеу шаралары қолданылды.

СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауру мал ветеринарлардың жоспарлы тексерісі кезінде анықталған.

Соңғы жағдай Аққайың ауданының Ленинское елді мекенінде тіркелді. Мұнда ауылдың үш малы жұқтырған.

«Биыл Айыртау ауданында 77 мал ауырды, оның оның 58-і екі шаруашылықтың сиыры, Ақжар ауданында ауырған 20 малдың 17-сі екі шаруашылыққа қарайды. Аққайың ауданында 5 ауылдың 15 ірі қарасы бруцеллез жұқтырған. Қызылжар ауданында 129 ауру мал анықталса, соның 122-сі – екі шаруашылыққа тиесілі. Тимирязевта – 1 және Уәлиханов ауданында 2 ірі қарадан бруцеллез анықталды», – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Жалпы жыл басталғалы СҚО-да 244 ірі қара малда бруцеллез анықталған.

Бүгінде Тимирязев ауданының Докучаево және Аққайың ауданының Ленинское елді мекендерінде шектеу шаралары енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

бокаев

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Полиция

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев