USD
USD
USD

СҚО-да 10 млн теңге пара алған аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты

2024 жылдың 30 қазанында Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы және ЖШС директорына қатысты үкім шығарды.

Айбат Ерғалиев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аудан әкімінің орынбасары және аудандық ТКШ бөлімінің басшысы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін, ал ЖШС директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы – 7 жылға, ЖШС директоры – 3 жыл 6 айға сотталды.

Бұдан басқа, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тас жолында көлік өртенді

көлік апаты

IMEI-код көрсетілуі тиіс: Қазақстанға телефон әкелу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Смартфон

Төрт адамды өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

күдікті

Шымкент әкімдігі тұрғындарды аптап ыстықта жануарларға қамқор болуға шақырды

аптап ыстық