USD
USD
USD

СҚО-да 9 мамыр қарсаңында жарақаттанып, ауруханаға түскен майдангер қайтыс болды

 Соғыс ардагері Василий Макиенко көшеде құлап, алған жарақаттарынан аяғына тұрмастан бүгін ауруханада қайтыс болды. 

Василий Макиенко
Фото: СҚО әкімдігі

Алматы, NEGE. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, майдангердің туған-туысына көңіл айтты.

«Василий Васильевичтің өмір жолы – ерлік пен адал қызметтің жарқын үлгісі. Ол майданға он сегізге толмай жатып шақырылып, атқыштар полкінде, оның ішінде гвардиялық құрамда ауыр шайқастардан өтті. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке белсене араласып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосты. Су шаруашылығы саласында еңбек етіп, техникалық жабдықтау өндірісі басқармасы бастығының орынбасары қызметін 13 жыл атқарды. Біздің ардагеріміз өмірге құштар, белсенді және салауатты өмір салтын ұстанған, жас ұрпаққа рухтың мықтылығы мен нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі болды. Өткен жылы ол өңір тұрғындарымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқан сәт барша солтүстікқазақстандық үшін ерекше әсерлі болды. Келесі жылы ол 100 жасқа толар еді. Василий Васильевичтің ерлігі мен еңбегі, жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады», – деп жазды облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай