USD
USD
USD

СҚО-да 10 млн теңге пара алған әкімдіктің лауазымды тұлғалары сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. 

Сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шенеуніктер жол жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 млн теңге пара алған.

Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған олар өз кінәларын мойындамай, істеген істеріне өкініш білдірмеген. Пара берген кәсіпкер де жазадан құтылмады, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін дәлелдеді.

Петропавл қалалық соты кінәлілерді 3 жыл 6 айдан бастап, 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға тыйым салынды.

Сотталғандар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемелерінде өтейді. Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек