USD
USD
USD

«Склярдың жүрген жеріне шөп шықпайды!»

Мәжіліс депутаттығына кандидат Айбек БАРЫСОВ Премьер-министрдің орынбасары Роман СКЛЯР қызметінен кетуі керек, деп санайды.

«Склярдың жүрген жеріне шөп шықпайды!»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Барысовтың айтуынша, еліміздің энергия жүйесіндегі жүйелік проблемасына нақты кінәлілер бар.
«Екібастұзда тағы да апат болды. Бұл мәселе жүйелі түрде жалғасуда және оған нақты адамдар, оның ішінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.СКЛЯР жауапты.

Оның «жүрген жеріне шөп шықпайды», Қазақстанның қай жеріне барса, сол жерде үнемі проблемалар туындайды. Бұл жағдайға үкіметтегі қатысы бар адамдарға, ең алдымен, Склярдың отставкаға кетуін талап етемін», – деді А.Барысов.
Екі күн бұрын Екібастұз ЖЭО-да тағы апат болды. Тұрғындар үйін электр жылытқыштарымен жылытып, бір күннен артық жылусыз отырды. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазір жағдай тұрақталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты