USD
USD
USD

Скляр президентке есеп берді

Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды akorda.kz.

Скляр президентке есеп берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда  Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалған. «Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр» делінген ақпаратта.

Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмалары орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт – Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.

Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және азаматтық авиацияны дамытуға оң әсер ететінін айтты, дейді akorda.kz.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж