USD
USD
USD

Скляр Chevron басшылығымен Теңіздегі жағдайды талқылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Chevron басшылығымен кездесуде Теңіз кенішінде өндірістің уақытша тоқтап қалуына әкеп соқтырған жағдайларға байланысты алаңдаушылығын білдірді.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл мәселе Склярдің Chevron корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесуінде талқыланды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Келіссөздер кезінде Қазақстан-Америка энергетикалық серіктестігінің флагманы саналатын Теңіз жобасына ерекше назар аударылды.

Қазақстандық тарап Теңіздегі жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Chevron компаниясының басшылығы оқиғалардың салдарын жою және мұнай өндіруді кезең-кезеңімен арттыру бойынша шаралар қабылданғанын баяндады.

«Компания басшылығы болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу және нысандардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар жасалатынына сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында технологиялық ақау шығып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты апат себептеріне егжей-тегжейлі техникалық талдау жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин бағасы 300 теңгеден асуы мүмкін бе: министр болжамға пікір білдірді

Бензин, дизель

Министр Ақтаудағы жарықтың өшуінен зардап шеккен тұрғындарға қатысты пікір білдірді

Ақтау

Айлығы – 1,2 млн теңге, коммуналдық төлемі – 75 мың: Ақкенженов табысын жариялады

Ерлан Ақкенженов

Трамп ұлдарының Қазақстандағы вольфрам жобасына АҚШ 1,6 млрд доллар бөлмеуі мүмкін

Вольфрам өндірісі