Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«СҚ-Фармация» басшысынан айрылды

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды.

«СҚ-Фармация» басшысынан айрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры« КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын. «Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса, тергеу жүргізген жөн», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

спорт