USD
USD
USD

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты нақты шешімдер әзірлеу – аса маңызды мәселе. Осы орайда, елордада «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

.
Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Оған Құрылтай депутаттары, бизнестің, салалық қауымдастықтардың және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құрылтай депутаты,«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Әбілхайыр Тамабек төрағалық еткен Кеңес жұмысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ауыл шаруашылығын дамыту міндеттері басты назарға алынды.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

«Біз еңбек етуге шынайы бейімі бар азаматтарға жағдай жасауымыз керек. Егер кооперативтерді қаржыландыру нормативін 100-120 миллион теңгеге дейін көтерсек, мұндай кооператив өз айналасына өзге де ауыл тұрғындарын топтастыра алады. Мысалы, бал өндіретін кәсіпорын шағын омарташыларды біріктіреді. Ауылдық жерлерді қолдауға арналған партия бағдарламасының қағидаларын дәл осы мақсатқа бейімдеуіміз қажет. Егер ауыл тұрғындарын жеңілдіктер мен дұрыс салық режимі арқылы ынталандырмасақ, ешкімнің жұмыс істеуге құлқы болмайды», – деді депутат.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Пікірталас барысында екі негізгі бағыт қаралды. Оның бірі – ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болса, екіншісі – астық нарығындағы түйткілдер. Осылайша, отырыс қорытындысы бойынша маңызды шешім қабылданды. Оған сәйкес, жаңадан құрылған салалық кеңес аталған саладағы мәселелерді жедел шешуге арналған тұрақты жұмыс алаңына айналады.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі
.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

«Әділет» партиясы бизнес өкілдері мен қауымдастықтар ұсынған барлық бастаманы жинақтайды. Мұндағы мақсат – кейін Құрылтай алаңында салалық заңнамаға, Салық кодексіне және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті түзетулер енгізу.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнасынан оқи аласыздар. 

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі