USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Министрлік ел үкіметі вирусты Қазақстан аумағына кіргізбеу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын атап өтті. 

Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытай аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Мәселені ушықтырмауды сұраймыз, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.  

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Қытайдың ондаған қаласында тұрып жатыр.

«Олардың көбісі түрлі себеппен консулдық есепке тұрмайды. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі арқылы Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтап жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан ғана емес, әлемнің басқа да елдері өз азаматтарын эвакуациялау мүмкіндіктерін қарастыруда. Ухань қаласында карантин жариялануына байланысты қоғамдық көлік, сондай-ақ халықаралық автобус, теміржол және әуе қатынастары тоқтатылған.

«Болған жағдай айналасында мәселені ушықтырмауды сұраймыз. Ел үкіметі вирусты Қазақстан аумағына кіргізбеу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», – деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚХР аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Қазір оқып жатыр

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю