USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі Кенесары ханның бас сүйегін іздеуге қатысты пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров​ қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың бас сүйегін қайтаруға қатысты жағдайға түсініктеме берді. 

Сыртқы істер министрлігі Кенесары ханның бас сүйегін іздеуге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифинг алаңында журналистер Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа «Кенесары ханның бас сүйегінің табылғанын Ресей растағаннан кейін Сыртқы істер министрлігі шара қолдана ма?» деген сұрақ қойды.

«Мұндай мәселелермен тарихшылар, тар ауқымдағы мамандар айналысуы керек. Әйтсе де дипломатиялық арналар арқылы бізге де салалық ведомстволардан сұрақтар келіп түседі. Тиісінше, біз оларды ресейлік тарапқа жібереміз. Кейбір ресейлік тарап бұл бас мүлдем жоқ деп те айтып жүр. Меніңше, тарихшылар бұл мәселемен айналысып, анығын айтуы керек», - деп жауап берді А. Смадияров.

Сонымен қатар ресми өкіл Кенесарының бас сүйегін елге қайтарудан өзге басқа да мәселелер толып жатқанын айтты. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да ұйымдасқан топ Қазақстан алтынын Ресейге мыс ретінде заңсыз тасымалдаған

алтын ұрлығы

Қоғамнан серіктестікке: проблемалар НЕГЕ азаймайды?

.

БҚО-да Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталды

Нұрлан Серғалиев

Qarmet автомобиль болаты өндірісін іске қосып, автопромды дамытпақ

Олжас Бектенов