Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға инвестиция тартатын жетекші мекемеге айналып отыр
Қазақстан өзіне сырттан тікелей инвестиция тарту жұмысын белсенді қолға алды. Осыған қатысты Президенттің бірнеше маңызды тапсырмасы бар. Егер тәуелсіздік кезеңін сараптап шықсақ, әлемнің 120-дан астам елінен 330 миллиард шетелдік инвестиция тартылған.
Сарапшылар, қазір инвестициялар үшін ауыр уақыт басталды деген пікірде. Бүгінде әлем соңғы жүз жылдықта ең ауыр рецессиялардың бірін бастан кешіп жатыр. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша жаһандық экономика пандемия кезінде 5,2%-ға қысқарды. Сол кезде әлемдік нарықта көптеген компаниялардың банкроттығы байқалды, сонымен бірге қаржылық және тауарлық-шикізат нарықтарындағы қолайсыз жағдайды, елдердегі сауда қатынастарының шиеленісуі және басқа да әлеуметтік-экономикалық процестерді айтпағанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қаржыландыруды, бизнес үшін ынталандыру шараларын шұғыл түрде қарастыру қажет кезеңде барлық елдер бюджет бойынша қысым көрген еді.
-
Тақырыпқа орай: Қазақстан және Түркия: өзара тауар айналымы жолындағы ілтипат
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың мәліметінше, БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) талдаушылары тікелей инвестициялардың әлемдік ағындарының болжамдарын түзетті және жыл басында айтылған 15%-ға құлдыраудың орнына, қазір біз әлемдік тікелей шетелдік инвестиция ТШИ көлемінің болжанып отырған 40%-ға қысқаруы орын ала жаздаған. Бұл ретте Үкімет жұмыс істеп тұрған зауыттарға, іске асырылып жатқан жобалар мен инвесторлармен іске асыруды бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген жобаларға теріс әсерді азайту үшін бірқатар уақытылы шаралар қабылдады.
Инвестициялау туралы шешім қабылдау процесі айтарлықтай ұзақ және салаға, донор елге байланысты өзгеріп отырады, компаниялардың корпоративтік рәсімдері көп әсер етеді. Егер тікелей шетелдік инвестициялар статистикасы туралы айтар болсақ, онда бізге негізінен дәстүрлі түрде тау-кен өндірісіне инвестициялар көп келеді. Ал біз өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялардың көбірек келгенін қалаймыз.
Бүгінгі таңда елімізде шетелдік инвесторлардың қатысуымен экономиканың шикізаттық емес салаларында: АӨК, ТМК, машина жасау және құрамдас бөліктер өндірісі, мұнай-газ химиясы және химия өнеркәсібі, ЖЭК, көлік және логистика және басқа да салаларда 200-ге жуық инвестициялық жоба іске асырылуда.
Іске асырылып жатқан жобалардың ішінде ең маңызды жобалардың бірі – Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай құрылысы. Бұл тәуелсіз Қазақстанда «таза далада» жаңадан салынған алғашқы халықаралық әуежай болады. «YDA Holding» компаниясының түрік инвесторлары шамамен $206 млн инвестициялайды, 400 тұрақты жұмыс орнын құрады. Түркістан жыл сайын 1 млн-ға жуық турист қабылдайды, әуежай салынғанда олардың ағыны артады.
Дағдарысқа қарамастан бізде жаңа жобалар пайда болуда. «Аллюр» мен «Татнефть» Қазақстанда жылына 3,5 млн жеңіл және жүк шиналарын бірлесіп шығаруға келісті. Өндіріс келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.
Инвестсаясат: ол не туралы?
Еліміз инвестициялық саясатты іске асырудың шаралары мен басымдықтарын нақты белгілеп берді. Қазақстан экономикасының өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу қажет. Яғни, фокус келесі деңгейге өтіп, уақыт пен нарық талап ететін жаңа жағдайларға бейімделе отырып, экономиканы әртараптандыруға қойылады. Қазақстан экономикасы үшін мұнай химиясы, металлургия, автомобиль және машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен секілді базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет. Бұл салалар айтарлықтай мультипликативтік әсерге ие, кластердің табиғи қалыптасуы үшін негіз болып табылады, бизнестің ілеспе бағыттарын дамытады, жұмыс орындарын береді.
Мәселен, Алматы қаласында жыл соңына дейін ұсақ торапты құрастырылған Hyundai маркалы автомобильдер өндірісін бастау жоспарлануда. Бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлік өндірілетін болады, екінші кезеңде – 45 мыңға дейін. Бүгінгі таңда инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден астамды құрайды. Кейіннен өндірісті жергіліктендіру 51%-ға дейін ұлғайтылады, автокомпоненттер де Қазақстанда өндірілетін болады.
Президент жаңа құралды – мемлекет пен инвестор арасындағы уағдаластықтарды тіркейтін стратегиялық инвесторлармен инвестициялар туралы келісімді енгізуді атап өтті. Бұл инвестициялық преференциялар, жеңілдікті қаржыландыру, ішінара кепілдік беру, экспорттық қолдау тетіктері, салық міндеттемелеріне қарсы есепке жатқызу жолымен өтеу, мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылардың кепілді сатып алуы. Қазір осындай келісімдерді жасасудың негізгі ережелері мен шарттары пысықталуда. Сонда коммерциялық келісімшарт мысалы бойынша, біз инвестормен оның кіру шарттарын тез арада бекіте аламыз және оның қажеттіліктерін біздің трафареттерімізге сәйкес келтіруге тырыспаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан шетелдік мекемелерінің инвестициялармен жұмыс істеу тәсілдерін толық қайта қарады. 66 шетелдік мекеме үшін үш жылдық инвестициялық бағдарламалар әзірленген.
Ірі инвестор және Қазақстан. Біздің қызығатын неміз бар?
Инвесторлар біздің ауыл шаруалығына қызығады. Бірақ әлеует әлі ашылған жоқ, өйткені тежеуші факторлар бар. Мысалы, заңнама тұрақтылығының жеткіліксіздігі, реттеу, өзгере беретін субсидиялау ережелері. Бірақ ауыл шаруашылығын құрмай, индустрияландыруды құру мүмкін емес. Бұл байланыс дәлелденді.
Мысалы, Қазақстанда ауыл шаруашылығына ЖІӨ-нің 4,4%-ы ғана келеді. Бұл ретте салада еңбекке қабілетті халықтың 40%-ы, яғни жартысына жуығы жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныс ауыл шаруашылығындағы кірістерге тікелей байланысты болады. Ішкі сұранысты қанағаттандырып, жергілікті нарықта бәсекелесуді үйренген соң қазақстандық өнім шетелдік тұтынушылардың арасында да табысқа ие болады, яғни экспорт көлемі артады.
Әрине, ірі ойыншылар үшін тау-кен металлургия кешеніне деген қызығушылық жоғары болып қалады. Әңгіме қатты пайдалы қазбалар жайында. Бүгінгі таңда қатты пайдалы қазбалармен жұмыс істеуге 1000-нан астам лицензия берілді және олар жеке қолдарда. Оларды айналымға енгізу өте маңызды. Бұл тау-кен метталургиясы кешенінде әлеуетін толық көлемде іске асыра алатын жаңа инвесторлар үшін, оның ішінде оны қайта өңдеу мен дайын өнімді экспорттауда үлкен мүмкіндік.
Көлік және логистика саласына да қызығушылық бар. Ол транзиттік әлеуетпен және базалық инфрақұрылымның дайындығымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан мультимодальді Еуразиялық көлік дәлізін іске қостық. Қазақстан арқылы енді 5 теміржол және 6 халықаралық автомобиль жолдары өтеді. Таяу жылдары барлық негізгі автомагистральдардың, теңіз порттарының құрылысы аяқталады, Еуропа мен Азия арасындағы құрлық транзиті үшін қажетті инфрақұрылымдық жағдайлар жасалды. Осының арқасында Қазақстан аумағы арқылы жүк ағыны көлемінің үдемелі өсуін байқап отырмыз.
Контейнерлік тасымалдар бойынша еліміз Қытайдан Орталық Азия, Ресей, Еуропа елдеріне, сондай-ақ Иран мен Таяу Шығыс елдеріне бағыт алды. Қытай – Қазақстан – Еуропа контейнерлік тасымалдары жүктерді тасымалдау бойынша ең тиімді маршрут болып табылады. Бұл ретте, егер бастапқы кезеңде вагондар Еуропадан жартылай бос болып оралса, қазір ЕО – Қазақстан – ҚХР кері бағытында контейнерлердің 70%-дан астам жүктемеленуін көріп отырмыз. Осы ретте, инвесторлар Қазақстан арқылы өтетін маршруттардың бәсекеге қабілетті болуы мүмкін екенін түсінеді және инфрақұрылымдық жобаларды қарастыруға дайын.
Инвестиция және кепілдік. Мемлекет гарант бола ала ма?
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда инвестициялық қызметтің құқықтық инфрақұрылымы қанағаттанарлық деңгейде. Ол әлемдік стандарттарға сай келеді. Іс жүзінде өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының барлық салалары артықшылықтармен қамтамасыз етілген.
Бірақ инвесторлар салық төлеуге, операциялық шығындарды көтеруге дайын екенін түсіну керек. Сонымен қатар, барлық ірі шетелдік инвесторлар әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары болуымен ерекшеленеді, өндіріс орындарының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Яғни, артықшылықтардың болуы ең маңызды мәселе емес. Мәселе, әдетте, заңнаманың тұрақтылығында, өйткені бизнес-модельдің құбылмалылық тәуекелдері болды. 2020 жылдан бастап бұл мәселе ұдайы Президенттің назарында келеді.
Әдетте, инвестор бірінші кезекте өз инвестициясының қорғалу деңгейін бағалайды, ал бұл заңның үстемдігімен, институционалдық ортамен және заңнаманың тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі. Бірақ заңнаманың барлық мағынада толық емес екенін және жетілдірілуі тиіс көп нәрсе бар екенін сарапшылар айтып жүр. Осы орайда Астана қаржы орталығында жұмыс істейтін Британ правосы жақсы құрал болды, ол шетелдік ойыншыларға жақын және түсінікті.
Бұдан басқа, Қазақстан әрдайым инвесторлардың қажеттіліктеріне басымдық беріп келеді. Сұрақтарды талқылайтын диалог алаңы да аз емес. 22 жылдан бері Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі, Премьер-Министрдің жанында Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бұдан басқа, бізде дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу құралы ретінде инвестициялық омбудсмен институты жұмыс істейді.