USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген қазақстандықтардың тізімін жасап жатыр

Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару үшін тізімін жасап жатыр.

Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген қазақстандықтардың тізімін жасап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді.

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас