USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі тәліптердің Қазақстандағы форумға келуіне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тәліптердің биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға Қазақстанға шақырылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Тәліптер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Біріншіден, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылады. Екіншіден, қазір осы елмен және Ауғанстанда жұмыс істеп жатқан қазіргі басшылықпен барша әлем қарым-қатынасын құрып жатыр. Әрине, «Талибан» қозғалысының әйелдердің үкімет құрамында болуы, әйелдердің құқықтарын қорғауға қатысты өз уәделерін орындауына қатысты мәселе бар. Ұлттық азшылық өкілдерін билікке тартуда да сұрақтар бар. Дегенмен, «Талибан» қозғалысы негізіндегі қазіргі әкімшіліктің болуы – ол объективті түрде мойындалған факт. Ауғанстан - Орталық Азиядағы өңірлік көрші. Қазіргі кезде мұндай өзара іс-қимыл біздің мүдделерімізге сәйкес келеді», - деді министрдің орынбасары.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция