USD
USD
USD

Сыртқы істер министрлігі Газа тұрғындарының Қазақстанға көшірілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Газа секторындағы тұрғындарды Қазақстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға көшіру туралы ақпаратты жалған деп мәлімдеді.

Израиль
Фото: eadaily.com/ru

АЛМАТЫ, NEGE. Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбада Сауд Арабиясының ханзадасы 2026 жылы Газа тұрғындарын кезең-кезеңімен эвакуациялап, кейін осы аталған елдерге қоныстандыру жоспары туралы мәлімдегені айтылған.

Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарып, қоғамды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

"Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерге ғана сенім білдіруді сұраймыз", – делінген министрліктің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты