USD
USD
USD

Сириядан кеткен Башар Асад Ресейді паналады

Асад отбасы мүшелерімен бірге Мәскеуге ұшып келген. Ресей билігі оған «гуманитарлық себептермен» баспана берді.

Башар Асад
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Асадтың отставкаға кеткенін бірінші болып Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын.

2024 жылдың 8 желтоқсанында таңертең Башар Асадтың Сириядан жеке ұшақпен ұшып кеткені туралы ақпарат тарады. Оның қайда екені белгісіз еді. 

Осы уақытта журналистер Асадтың Будапештке келгенін хабарлады. Дәлел ретінде Асадтың сол жерде жүрген фотосуретін таратты. Алайда Мажарстан үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Онда суреттің 2012 жылғы мақаладан алынғаны айтылған.

Кейінірек Асад отырған ұшақ радардан жоғалып кеткендіктен, Сирия президенті «ұшақ апатынан қайтыс болуы мүмкін» деген ақпарат пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда «Хайят Тахрир аш-Шам» содырлар тобы Сирия астанасы Дамаскіге басып кірді. Кейіннен Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Джо Байден қарулы оппозиция Дамаскіні бақылауға алғаннан кейін елден қашып кеткен бұрынғы Сирия президенті Башар Асадты жауапқа тартуды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт