Референдум Референдум
USD
USD
USD

Сирияда соғысқан қазақстандықтардың үкімі шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты тергеу абақтысының (ЕЦ 166/10 мекемесі) сот залында «Террорлық ұйымға қатысы» бар 14 күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Үкім шығару барысында прокурор айыптыларға 10 жылдан 17 жылға дейін жаза кесуді сұрады.

Сирияда соғысқан қазақстандықтардың үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

«Терроризм» бабымен сотталушы қазақстандықтардың үкімін судья Әділхан Шайхысламов оқыды.

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен: 1990 жылы туылған Жандос Әжмәмбетов (257-бап, 2-тармақ, террористік топта болғаны үшін) 8 жылға, 1992 жылы туылған Данияр Алтаев (233-1 б, 257-б 2-т, террористік топта болғаны үшін) 10 жылға, 1978 жылы туылған Нұрлан Камалов (257-б 1-2 т, террористік топта болғаны үшін) 14 жылға, 1992 жылы туылған Абзал Амангелді (257-б 2-е, 260-б террористік топта болғаны үшін, террористік дайындыққа қатысқаны үшін) 8 жылға, 1986 жылы туылған Аманжол Жансенгіров (231-1 б 2-т, 233-1 б, 174 б 2-т, 256, 257, 313 б, жалған ақша жасағаны үшін, діни алауыздық тудырғаны үшін, терроризмді насихаттағаны үшін, террористік топта болғаны үшін, қатігездікті насихаттайтын ақпарат таратқаны үшін) 12 жылға, 1985 жылы туылған Ермұқан Айыпқалиев (257-б 2-т, 260-б) 8 жылға, 1994 жылы туылған Тұрлан Әбілхайыров (174-б 2-т, 256-б 2-т, 257, 260-б) 11 жылға, 1991 жылы туылған Руслан Қуанов (174-б 2-т, 256-б 2-т, 257, 260, 259-б 1-т) 11 жылға, 1969 жылы туылған Ғазинұр Бақытжанов (164-б 2-т, 233-1 –б 2-т, 174-б 2-т, 256 б 2-т, 257, 313-б) 13 жылға, 1984 жылы туылған Бахтияр Ыбыраев (232-1-б 2-т, 233-1 б, 257-б) 9 жылға, 1986 жылы туылған Алмас Нарбутин (257-б 2-т) 8 жылға, 1988 жылы туылған Дәурен Сәбитұлы (174-б 1-т, 256-б 2-т, 257, 259-б 1-т) 11 жылға, 1993 жылы туылған Думан Сәдуақасов (174-б 1-т, 256-б 2-т, 257, 260-б) 11 жылға, 1987 жылы туылған Данабек Төреханов (233-1-б 2-т, 233-2, 257, 259-б 1-т) 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, «Терроризм» бабымен айыпталған 14 қазақстандықтың алғашқы сот отырысы 22 қазанда басталған.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Аурухана

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер