Сирияда тағы бір «Аль-Каида» жетекшісінің көзі жойылды
АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Эрик Курилла қауіпсіздікті сақтау үшін террористерді қудалауды тоқтамау қажеттігін айтты.
Алматы, NEGE. АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) күштерінің әуе шабуылы кезінде «Хуррас ад-Дин» террористік ұйымының жетекшісі Мұхаммед Юсуф Зия Талай қаза тапты, деп хабарлайды eadaily.com.
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) күштері Сирияның солтүстік-батысында әуе шабуылын ұйымдастырып, «Аль-Каиданың» бөлімшесі саналатын «Хуррас ад-Дин» террористік ұйымының аға әскери жетекшісі Мұхаммед Юсуф Зия Талайдың көзін құртты, – делінген X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Эрик Курилла қауіпсіздікті сақтау үшін террористерді қудалауды тоқтамау қажеттігін айтты.
– Біз өз отанымызды, сондай-ақ АҚШ қызметкерлерін, одақтастарымыз бен аймақтағы серіктестерімізді қорғау үшін террористерді қудалауды тоқтатпаймыз, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жыл басынан бері Орталық қолбасшылық «Хуррас ад-Дин» ұйымының бірнеше жоғары дәрежелі жетекшісінің көзін құртты. Әуе шабуылдары 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында болды.
Қазір оқып жатыр
Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды
Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?
«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Ресейде Қазақстан үшін маңызды газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалды