USD
USD
USD

Сирия соғысының басталғанына – он жыл

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Сирия дағдарысы жайлы: «Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен, адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді.

Сирия соғысының басталғанына – он жыл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас хатшы жазбаша хабарлама жариялап, Сирияда 9 жыл бойы соғыс қылмыстары секілді қорқытышты зұлымдықтарға және адам құқықтарын жүйелі түрде бұзушылыққа куә болғанын білдірді.

«Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен,  адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді ол.

Сирия халқының жартысынан көбі елден кетуге мәжбүр болғанын және миллиондаған адамның әлі сенімде еместігін айтқан Гутерреш 11 миллион адамның гуманитарлық көмекке зәру екеніне назар аударды.

«Мыңдаған адам жоғалып кеткен, қамауда жәбірленіп,  азап шегуде. Қаза тапқан және жараланғандардың саны белгісіз.  Бұлар жазасыз қалмауы қажет» деді ол.

Қазір оқып жатыр

Сайлаушылардың 45 пайыздан астамы мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Сайлау

Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Тоқаев

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Балуанияз Демеуов

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон