USD
USD
USD

Сирия билігі жаңа үкімет құрамын таныстырды

Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа елдің жаңа «жасампаздық пен өзгеріс үкіметін» таныстырды. 

Үкімет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның құрамына бір әйел кірді, деп хабарлайды DW.

Жаңа үкіметтің құрамын Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа 29 наурызда таныстырды. Елдің әлеуметтік істер және еңбек министрі болып христиан азшылығының өкілі және Башар Асад режимінің көптен бергі қарсыласы Хинд Кабават тағайындалды. Аш-Шараа тұсында бекітілген сыртқы істер министрі мен қорғаныс министрі қызметтерін сақтап қалды.

Сирияның уақытша жетекшісі үкіметтің басты басымдықтары «қайта құру» және «ұлт пен әрбір азаматтың мүдделеріне кепілдік беретін күшті әрі тұрақты мемлекет» құру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, армияны дамыту және экономиканы нығайту болатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы желтоқсанда «Хаят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы бастаған исламшыл күштер Башар Асад режимін құлатқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов