USD
USD
USD

Сирек өсімдікті жұлғандар 3 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін сотталды.

Сирек өсімдікті жұлғандар 3 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығы аумағындағы Разлеванка өзенінің жанында үш ер адам жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлған.

Белгілі болғандай, олар Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 250-ден астам сабағын кесті. Сотталғандардың айтуынша, олар өсімдіктен салат жасамақшы болған. Риддер қалалық сотының үкімімен айыпталушылардың ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес үш жылға бас бостандықтары шектелді.

«Сотталғандар пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта ер адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Егер олар қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы – бас бостандығынан айыруға ауысуы мүмкін», - деді Риддер қалалық пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким