USD
USD
USD

Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық тұрғын алданып қалды

Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық азамат алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Монета
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Астана тұрғынына Ресей Федерациясының азаматы құнды монеталарды сатып алу жөнінде өте тиімді ұсыныс жасаған. Алаяқтың айласына таксист түсіп қалған. Мәселен, тұрақта такси жүргізушісіне қаскүнем тақалып, коллекциялық монеталар салынған пакетті көрсеткен, олардың арасында 1700 жылы шығарылған алтын монеталар да бар деген.

Күдікті тұрғынды монеталардың әлдеқайда қымбат тұратынын айтып, отбасына тез арада ақша керек болғандықтан арзанға сататынына сендірген. Алаяқтың айласына алданған ер адам оған 1 миллион теңге беріп, орнына 32 дана монетаны алған.

Кейінірек жәбірленуші монеталардың жалған екенін біліп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ресей азаматын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер