USD
USD
USD

Сыра бары өртенді

Атырауда көппәтерлі тұрғын үйдегі сыра бары өртеніп кетті.

Сыра бары өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «27 маусым күні 18:26-да шақырту түсті. Қоңырау шалған адам Атырау қаласы Амангүл ауданында көппәтерлі үйдің астында орналасқан «Bretzel» ресторанынан өрт шыққанын хабарлады. Өрт сөндірушілер барып, ресторан ішіндегі сыра барының 70 шаршы метр аумағы өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт болған кезде ресторан жұмысы тоқтап тұрған. Тілсіз жау ресторанның қойма бөлігінде сымның тұйықталуынан шықты деген болжам жасалды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар» ММ-ге қарасты 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 19:09-да толықтай ауыздықталды» делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сай, оқиға кезінде ешкім жапа шекпеген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев