USD
USD
USD

Сыр диқандары рекорд жаңартты

Биыл Қызылорда облысында 184,2 мың гектар аумаққа егiс егілді.

Сыр диқандары рекорд жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде дәндi дақылдар – 99,9 мың га, майлы дақылдар – 5,7 мың га, мал-азықтық дақылдар – 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша – 17,6 мың га. Негізгі дақыл – күрiштің көлемі 89,5 мың га. Бұл туралы облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды.

Мәлім етілгендей, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.

Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай дақылы егілді.

Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп - баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді. Облыста егін жинау науқаны үстіміздегі жылдың 15 қазан күні толық аяқталды.

Сыр диқандары ағымдағы жылғы орын алған су тапшылығы жағдайы мен бұрын – соңды болмаған пандемияның шектеулеріне қарамастан ала-жаздай жасаған тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ел тарихында күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті биыл тағы да жаңартып, жоғары өнім жинады.

89,5 мың гектар күріштің әр гектарынан 61,8 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 551,3 мың тонна Сыр маржаны құйылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер