USD
USD
USD

Сыр елінде көкпардан Қазақстан чемпионаты өтті

Бүгін Қызылорда қалалық ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының І іріктеу кезеңі өтті. Жүйріктердің  басты додасына еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық шабандоз қолтума құнан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, қолтума аламан бәйге бойынша бақ сынасты. 

.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Бәйге федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев, ҚР Грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қатысты.

.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ардақ Зебешев ұлттық спортты дамытуда ат бәйгесінің ерекше маңыздылығына тоқталып, шабандоздарға сәттілік тіледі. 

«Қазақ ұғымында жылқы қашан да тектіліктің белгісі саналады. Сондықтан да ат бәйгесі –  көшпелі халықтың мәдени дәстүрінен тамыр тартатын ұлттық спорттың ең негізгісі. Бүгінде Сыр өңірінде 30 мыңға жуық спортшы ұлттық спортпен жүйелі түрде шұғылданып, халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Олардың қатарында қазақ күресінен Ұлан Рысқұл, Мақсат Исағабылов, Нұрым Сәлімгереев, Еңбек Сақтағанов, Руслан Теміржан, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов, алыш күресінен Назерке Әбілтаева, көкпардан өңір тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен Медетбек Балғынбек бар. Осы ретте, ата-бабамыздан аманат болған ұлттық дәстүрді қастерлеп жүрген барша бапкерлерге, шабандоздарға және спорт жанашырларына зор алғыс білдіремін», – деді Ардақ Темірханұлы. 

Шарада Руслан Бахыттыұлы, Мұрат Өсербаев және Дархан Сәрсенов сөз сөйледі.

Қазір оқып жатыр

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель