USD
USD
USD

Sinovac вакцинасы сынағының алғашқы қорытындысы жарияланды

Чилиде қытайлық Sinovac вакцинасының алғашқы сынақтарының қорытындысы жарияланды. 

Sinovac вакцинасы сынағының алғашқы қорытындысы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті ғалымдардың мәлімдеуінше, тәжірибеге қатысқан адамдарда екпенің жанама әсері өте аз, әрі жеңіл болған. Көбіне вакцина салған жерде ғана ауырсыну байқалған. Препараттың қорғанышына келетін болсақ, екінші дозадан кейін едәуір артатынын айтады. Айта кетейік, Чилиде қытайлық вакцинаны сынау өткен жылдың қараша айында басталған. Оған 2 мың адам тартылған.

Sinovac вакцинасын зерттеу жобасының жетекшісі Сьюзан Буэно: "Бұл вакцина біздің елдегі сынаққа қатысушылар арасында да коронавирусқа қарсы антидене қалыптастырды. Әсіресе екпенің екінші дозасын салған соң екі-төрт апта кейін оның күші едәуір артады", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер