USD
USD
USD

Синоптиктер тағы ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 14 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктер тағы ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында найзағай болжанады. Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласындасондай-ақ найзағай, 18 м/с екпінде жел күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк