Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Синоптиктер ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына орай 2 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктер ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ, найзағай күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. 15-20 м/с күшпен оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с артады. Ал таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ тәулік бойы найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен жел соғып, күндіз оның күші 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысында жаңбыр болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 15-20 м/с екпінмен солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш