USD
USD
USD

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

  «Қазгидромет» РМК 18 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күшейеді. Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с артады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақмола облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болжанады. Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Шымкент қаласында күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер