Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

 «Қазгидромет» РМК 23 тамы күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с күшейеді.

Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды. 

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант