7 Қараша 19:30
...

Синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады

Фото:

«Қазгидромет» РМК 8 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 8-10 қарашада түнде және таңертең таулы жерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетеді. 

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тау жерде сондай-ақ тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 25 м/с артады. Күндіз ауа температурасы +2+7 жылыға дейін, солтүстікте және таулы аймақтарда -4 градусқа дейін күрт төмендеуі ықтимал. 

Алматы қаласында кей уақытта катты жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +5+7 градус жылыға дейін төмендейді.

Қызылорда облысыныңсолтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында тұман болжанады. 

Маңғыстау облысының солтүстігін тұман басып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз батыста 15-18 м/с жетеді. 

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігі мен батысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с артады. 

Шымкент қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. 

Қостанай облысыныңсолтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. 

Павлодар облысыныңсолтүстігінде, батысы мен шығысында тұман болжанады. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Тегтер: