USD
USD
USD

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 2 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Ақмола облысында кей уақыттары тұман байқалады.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде тұман болады. Қарағанды облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 2-3 наурызда өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанады. 2-4 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с артады.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай