USD
USD
USD

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

 Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Маңғыстау облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Сондай-ақ 27-28 қазанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 26 қазанда екпіні 25 м/с артады.


 

 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік