USD
USD
USD

Синоптиктер қыста ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер алдағы қыс айларына арналған ауа райы болжамын жасады.

Қазақстандағы ауа райы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың желтоқсаны еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

«Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады», – деп хабарлады синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша