USD
USD
USD

Синоптиктер 13 өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 17 наурызда Астанада және елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

болжамы
Фото: aikyn.kz

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауады, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Тұман, түнде және таңертең көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары