USD
USD
USD

Сыныптасын құлдықта ұстаған қызылордалық оқушылар изолятордан үйқамаққа ауыстырылды

Қызылорда қаласында сыныптасын секс-құлдықта ұстады деген күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Күдіктілердің үйқамаққа ауыстырылғаны жөнінде Қызылорда облыстық соты түсініктеме берді.

«Аталған өтінішхаттарды Қызылорда қаласының тергеу соты қараған. Күдіктілерге, кәмелетке жасына толмағандарға үйқамақ түріндегі санкциялар қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу сотының қаулыларына жәбірленуші тараптан Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым келіп түсті. Ол қаралу сатысында тұр. Қаулыға қалған қатысушылар шағым жасамаған», - деп мәлім етті облыстық соттан.

Қызылорда қаласында мектеп оқушылары сыныптасын секс-құлдықта ұстады деп күдікке ілінді. Бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстаған, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған. Ал оқушының секс-құлдықта жүргенін оның досы анықтаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық