USD
USD
USD

Сингапурлық компания асшаянды қолдан жасамақ

Сингапурлық Shiok Meats компаниясы әлемде бірінші болып зертханада қолдан өсірілген асшаяндарды сатуға шығаруды көздейді  

Сингапурлық компания асшаянды қолдан жасамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Компания өкілдерінің пікірінше, әлемде қазір табиғи етке балама  өнімдерге сұраныс өсіп отыр. Себебі тұтынушыларды малдың қандай аурумен ауырғаны, не жегені, қайда ұсталғаны туралы деректерден хабарсыз болғаны алаңдататын көрінеді.

Компания асшаяндардың жасушаларының үлгісін алып зертханада арнайы сұйықтыққа салып өсіреді. Төрт-алты аптадан соң бағаналы жасушалар "етке" айналады. Дегенмен зертханада өсірілген асшаянның еті арзан тұрмайды. Компания басшылығы бір келісі 5000 долларға бағаланған өнімнің өзіндік құнын арзандату жағын ойластырып жатқан көрінеді.

 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот