USD
USD
USD

Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктес елдер екеніне әрі солай болып қала беретініне назар аударды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктесіміз – Сингапурмен берік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Былтыр екіжақты сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіш еселене түседі деп санаймыз. Осы орайда екіжақты серіктестікті дамыту үшін берік құқықтық негіздің болуы аса маңызды. Біз Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификацияладық. Бұл құжат инвестициялардың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытын айқындап берді. Президент қаланы дамыту секторын бірінші бағыт ретінде атады. Сондай-ақ Қазақстанда мүлде жаңа әрі интеграцияланған мегаполис салу бастамасын өте маңызды жоба деп санайды.

– Бұл жоба болашақта «Орталық Азиядағы Сингапурға» әрі халықаралық жетекші бизнес-хабқа айналуды көздейді. Осы мақсатқа бөлінген мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды. Сингапурлық Surbana Jurong компаниясы аталған жобаның кешенді жоспарын әзірлегенін ерекше атап өткім келеді. Форум аяқталған соң, барлық мүдделі тараппен осы мәселені талқыламақпын. Сингапур бизнесі келешегі зор бұл бастамаға белсенді атсалысады деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алаяқтықпен жымқырған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК