USD
USD
USD

Сын шын болсын: Қостанай облысының әкімдігі қатені түзеді

Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы «техникалық қателік кеткенін» хабарлады.

Құмар Ақсақалов
Фото: ғаламтордан

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын интернет-ресурстар арасында облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жариялағанын, оның түгелге жуығы орыс тілінде екенін хабарлағанбыз.

Көп ұзамай редакциямызға әкімдіктің Қоғамдық даму басқармасынан хабарласып, «техникалық қателік кеткенін, қателік түзетілгенін» хабарлады.

Әкімдіктің ресми сайтындағы тапсырысты орналастыруға қатысты сілтемеге кіріп, тексеріп көрдік. Шынымен де «қателік» түзетіліпті. Түзетілген нұсқада он бір тақырып ұсынылған екен, оның алтауы қазақ тілді БАҚ-қа арналған. Оған да шүкір дедік.

Қоғамдық пікір кеше де маңызды болған, ал бүгін маңызы екі есе артты. Сол себепті де қоғамдық пікір туғызатын ақпарат құралдары ақиқатшыл болуы керек деп есептейміз. Ақиқатшыл БАҚ қаншалықты көп болса, қоғамның түзелуі де соншалықты тез болмақ. Қоғам түзелсе, билік те түзеледі.

Қазір оқып жатыр

Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуды қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейтуді тапсырды

Қанат Бозымбаев

Келер жылы 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан кімдер қағылуы мүмкін?

Ақша

СҚО-да екі КамАЗ бен үш жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Жедел жәрдем

Әнші NAVAI екі айға қамауға алынды

NAVAI