Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Симптомсыздарды есепке алатын топ құрылды

Қазақстанда симптомсыз коронавируспен аурғандарды есепке алатын топ құрылды. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты.

Симптомсыздарды есепке алатын топ құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлемдік статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы симптомсыз пациенттер, яғни, ешқандай симптомды сезінбейтін адамдар құрап отыр. Бүгінде бүкіл еліміз бойынша 465 ұтқыр топ құрылған. Амублаторлық буынның ұтқыр тобы міндетіне симптомсыз, аурудың жеңіл түрі бар пациенттерді толықтай есепке алу кіреді», - деді ол. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта медицинада симптомсыз коронавирус инфекциясы өкпе қабынуының жеңіл түрі және өкпенің қабындау жеңіл түрі деп екіге бөлінеді. Өкпе қабынуының жеңіл түрі кезінде өкпенің зақымданған аумағы 30 пайызға дейін жетеді және оны компьютерлік томография көмегімен анықтауға болады. Өкпе қабынуы жүрек-қан тамыры жүйесі, қант диабеті, семіздік сынды созылмалы аурулары бар пациенттерде кездеседі. «Олар эндокринологтармен кеңесуі қажет. Біз олармен жұмыс тобын құру үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Оның құрамына аурудың ауыр түріне шалдыққан пациенттерге кеңес беру үшін эндокринолог, кардиолог, пульмонолог және амбулаторлық буынның өзге де бағыттарының мамандары кіреді», - деді Махаббат Бекбосынова.

Қазір оқып жатыр

Қазір тұрғын үй емес, сатып алушы тапшы – қаржыгер

Ұмай

Бедеулік «жасарып» барады: құрсақ ана туралы не білеміз?

суррогаттық ана

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Жылан қаптады